Головкиннің титулына Сергей Деревянченко мен Дэниэл Джейкобс таласуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Егер қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) IBF титулынан айырылса, белдікті украиналық Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) мен америкалық Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) өзара таласқа салуы мүмкін, деп жазады Sports.kz.

Еске сала кетейік, Халықаралық бокс федерациясы және Сергей Деревянченконың өкілдері осы ұйымның титулын міндетті қорғау үшін өз боксшысының 5 мамырда GGG-мен айқасуын сұраған. Украиндық боксшы осы белбеудің міндетті үміткері саналады.

Бұған дейін, егер IBF Деревянченко командасының өтінішін қанағаттандырып, бірақ Головкинмен басқа біреу айқасатын болса, бұл ұйым оны өз тұжырымы бойынша оны әлем чемпионы титулынан айыруы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.

Бірақ Головкиннің командасы украиналық боксшымен өтетін жекпе-жекті мұншалықты жылдамдатуға болмайтынын айтып отыр. Титул төңірегіндегі түйткіл туралы Деревянченконың промоутері Лу ДиБелла тағы да сөз қозғады.

«Егер Геннадий Головкин титулынан айырылса, онда Деревянченко IBF рейтингіндегі келесі боксшы Дэниэль Джейкобспен жекпе-жек өткізу құқығына ие болады. Екеуі де осыған келісім берсе, жекпе-жекті ұйымдастырамыз», - дейді Лу ДиБелла Badlefthook.com-ға берген сұхбатында.

Айта кетейік, 5 мамырда Головкинге қарсы жекпе-жекке шығуы мүмкін үміткер ретінде америкалық армян боксшысы Ванес Мартиросянның (36-3-1, 21 КО) есімі жиі аталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар