Головкиннің табысы қалай өсті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі жекпе-жекке дейін Геннадий Головкиннің ең үлкен гонорары 4 млн доллар болған. Бір жылдың ішінде аталған сомма үш есеге ұлғайып отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2013 жылы 19 қаңтарда Головкиннің америкалық Габриэль Росадоға қарсы жекпе-жектен түскен табысы 350 мың доллар болды. Маусым айында ирландық Мэтью Маклинмен жұдырықтасқаны үшін тура сондай гонорар алды. Ал жылдың соңында америкалық Кертис Стивенсті жеңгені үшін GGG-дің табысы 50 мың долларға артып, 400 мыңды құраған еді.

2014 жылы 26 шілдеде австралиялық Дэниэл Гилды құлатқаны үшін - 750 мың доллар, ал қазанда Марко Антонио Рубионы нокаутпен жеңгені үшін 900 мың доллар ұтқан.

2015 жылдың басында Головкиннің гонорары алғаш рет бір миллион доллардан асты. Сол кезде ол британдық Мартин Мюррэйден басым түсті. Бірнеше айдан кейін кіші Вилли Монроны сұлатып салғаны үшін 1,5 млн долларды алып кетті. Ал канадалық Давид Лемьеге қарсы шыққаны үшін Головкин 2 млн доллар көлеміндегі гонорарға қол жеткізген. Америкалық Доминик Уэйдке қарсы жекпе-жекте ақша жағынан көп өзгеріс болған жоқ.

Соңғы жаңалықтар