Головкиннің соққылары бомбаға теңелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - BoxingHypeStore.com сайтының твиттер-аккаунтында Геннадий Головкиннің соққылары бомбаға теңелді, деп хабарлады Sports.kz.

Ресурс өзінің микроблогында қазақстандықтың ашық жаттығуынан үзінді жариялап, астына жазба қалдырды: «Геннадий Головкин Дэнни Джейкобсқа қарсы жекпе-жегіне дайындығында бапкері Абель Санчеспен бірге бомбалар лақтыруда».

Еске салсақ, Головкин-Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді.

Соңғы жаңалықтар