Головкиннің промоутері: Реванш бойынша келіссөздер зая кетуі мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер GGG мен Сауль «Канело» Альварес арасындағы реванш жөніндегі келіссөздердің соңғы жаңалықтарымен бөлісті, деп жазады Sports.kz.

«Өткен аптада берген сұхбатымда реванштың 90% анық екенін айтқан едім. 100%-ға әлі қол жеткізілген жоқ, осы қалған 10% бүкіл келіссөздерді жоққа шығаруы да мүмкін. Дәл қазір Геннадий Қазақстанда, шарттың барлығын келісу үшін оның келуін күтіп жүрміз. Егер Головкин барлығына келісімін берсе, қалған іс көпке созылмайды деп ойлаймын. Менің айтпағым, біз келіссөз жүргіздік, реваншты бірінші жекпе-жектен бір аптадан кейін-ақ өткізуіміз мүмкін еді. Бірақ талқылаулар төрт айға созылып кетті. Қазір жағдай былай болып отыр, егер тараптардың бірі шартқа көнбесе, мұнда бір гәп бар», - дейді Леффлер Boxingscene.com-ға берген сұхбатында.

Промоутер қаңтардың соңына дейін бүкіл келіссөзді аяқтап, ресми мәлімдеме жасауға үміт етіп отырғанын айтты.

«Мен ешқашан соңғы мерзім айтқан емеспін. Бірақ егер қаңтардың соңына дейін анонс бере алмасақ, мұнда кейбір проблемалар бар деген сөз», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар