Головкиннің промоутері Фрочпен айқастың болатынын растады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Лёффлер iFL TV арнасына берген сұхбатында Карл Фрочпен айқас жөнінде нұсқаны қарастырып жатқанын мойындады, деп хабарлайды Sports.kz.

- Біз Эддимен сөйлестік. Біз болуы әбден мүмкін Карл Фрочпен айқасты ұйымдастыру бойынша жұмыс істеудеміз. Менің айтайын дегенім Фроч спортта тастап кеткен, бірақ осы жайлы көбірек айтылған сайын бұл айқастың қызығарық болатын көріп отырмыз. Эдди де оны өткізуге қызығып отыр. Эдди үлкен шоу жасап сатылған 80 мың билет рекордын жаңартқысы келеді, - деді Лёффлер.
Еске сала кетсек, басында Лёффлер Туиттерінде Хирнмен бірге түскен суретін жүктеп «Эддимен Фроч айқасын талқылаудамыз» деп жазған еді. Британдық промоутер кейін бұл әзіл еді деп сөзінен бас тартты.

Соңғы жаңалықтар