Головкиннің промоутері Джейкобспен арадағы келіссөздер туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Боксшы Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер ESPN-ге берген сұхбатында американдық Дэниел Джейкобстың командасымен келіссөздердің қалай жүргізіліп жатқанын мәлім етті. Бұған дейін Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBA) промоутерлерге екіжақты қол қойылған айқас туралы келісімшартты алып келулері үшін 7 күн беріп, орындалмаған жағдайда жекпе-жектің промоутерлік саудаға қойылатынын айтқан, деп хабарлайды Sports.kz.

«Әдетте олар талапқа сай 10 күн беретін. Табысты келісім жасаймыз деп ойлаймын. Эл Хэймонмен әңгімелескенімде, Джейкобстың жекпе-жекке түскісі келетінін тілге тиек етті, қазіргі таңда жұмыс жасап жатқан келісімшарттың кейбір тармақтарын мақұлдасу ғана қалды», - деді Леффлер.

Головкин - Джейкобс айқасы 10 желтоқсанда өтуі керек болатын, алайда боксшылардың промоутерлері кірісті бөлісу мәселесін шешіп үлгермегендіктен, наурызға ауыстырды.

Еске сала кетейік, регламентке сәйкес, төлемақы WBA (Super) титулының иегеріне, яғни Головкиннің пайдасына қарай 75-те 25% болып бөлінуі тиіс. Хэймон оны 60/40 деп өзгертуді сұраған. WBA олардың шағымдарын қабылдамады. 

Соңғы жаңалықтар