Головкиннің командасы Астанаға келуді жоспарлап отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  Қазақстандағы кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында өткізілуі жоспарланып отырған бокс кешіне қатысты жаңалықтарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

«Барлығы бекітіліп қойды, алдағы таяу уақытта келіссөздердің соңғы сатысы бойынша Мексикаға ұшуды жоспарлап отырмыз. Келешек Конвенцияның қаржылық құрамын талқылау қажет. Бірнеше сұрақ бар, соларды нақтылау керек. Бұл ел үшін атаулы іс-шара, сондықтан, бізге чемпиондардың көптеп келгенін қалаймыз. Ал олар Қазақстанға келеді ме, жоқ па - ашық сұрақ. Конвенция кезіндегі матчқа келер болсақ - келіссөздер жүріп жатыр, әзірге, Головкиннің командасы Астанаға келуді жоспарлайды. Егер матчқа қатысуды қаласа, қала билігінің, спорт комитетінің қолдауы қажет болады. Себебі бұл үшін үлкен қаржы қажет», - деп атап өтті Виктор Демьяненко.

Бұған дейін, ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі шеңберінде Астанада Геннадий Головкин, Қанат Ислам мен Жанқош Тұраровтың қатысуымен кәсіпқой бокс кеші өтуі мүмкіндігін хабарлаған болатынбыз.

Елордада ЭКСПО көрмесі 2017 жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында өтеді. 

Соңғы жаңалықтар