Головкиннің келесі жекпе-жегі қай күні өтетіні ресми түрде хабарланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі 5 мамыр күні Лас Вегастағы MGM Grand аренасында өтетін болды, деп жазады Sports.kz.

Бұл ақпарат Невада штатының атлетикалық комиссиясының (NSAC) сайтында жарияланды. Кездесу HBO PPV ақылы телеарнасынан көрсетілетінін де айта кетейік.

Дегенмен қазақстандық боксшыға қарсылас болатын мықтының есімі осы уақытқа дейін нақты аталмай тұр. Допинг қабылдады деген күдікке ілінген Сауль Альварес жуықта жекпе-жектен бас тартқан болатын. Қазір Головкинге қарсылас бола алатын екі кандидат тұр, олар: украиналық Сергей Деревянченко және ирландиялық боксшы Гэри О Салливан.

Фото: Sports.kz.

Соңғы жаңалықтар