Головкиннің естен тандыра нокаутқа түсірген сәттерін YouTube-ке салды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Желіде  Геннадий Головкиннің топ -25 ең күшті нокауттары пайда болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.

Жарты сағаттық роликті өзінің YouTube-арнасына  OBSESSED  пайдаланушы 20 ақпанда орналастырды.

Рейтингті  25-інші позициямен, Лондонда (Ұлыбритания) Головкиннің британдық Келл Брукпен өткізген 2016 жылғы қыркүйектегі соңғы айқасы ашады.

Бұл жекпе-жек 5 раундта техникалық нокаутпен  қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталған болатын.

Бесінші орында - 2006 жылғы 6 мамырда Дюссельдорфта (Германия) болған Габором Балогпен айқас. Онда Головкин 1-раундта  (4 раундтық айқас) қарсыласын нокаутқа түсірген еді.

Төртінші нозицияда -  2014 жылғы 18 қарашада  Калифорнияда (АҚШ) ұйымдастырылған мексикандық Антонио Рубиомен айқас. Жеңіс қарсыласын екінші раундта (12  раундтық айқас) сұлатып салған Геннадий Головкинге бұйырды.

Үшінші орында -  Г9 декабря 2011 жылғы 9 желтоқсанда  Германияның Киль қаласында өткен Головкин - Саймон кездесуі.

GGG американдық Лахуан Саймонды 1-раундта (12 раундтық айқас) естен тандырды.

Екінші орын  2008 жылы 29 ақпанда германияның Гамбург қаласында болған оңтүстікафрикалық боксшы Тшепо Машегомен жекпе-жегіне берілді. Ол 1-раундта қазақстандық боксшының жеңісімен аяқталды.

 Ал бірінші орында - Головкиннің 3 раундта  жапондық Нобухиро Исиданы естен тандырған  (Монте-Карло, Монако, 30.03.2013 ж.) айқас.

 

Еске сала кетсек, 18 наурызда орта салмақтағы  WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) және  осы салмақтағы WBA  чемпионының «тұрақты» белбеуінің иегері  американдық  Дэниэл Джейкобспен (32-1, 29 КО) жекпе-жегі жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар