Головкиннің бапкері неге 5 мамырда жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бапкер Абель Санчес қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) алдағы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

«Әрине, Геннадий қатты ренжулі, бірақ ол өзгелерді бақылап отыра алмайды. Енді ол «Канелоны» күтпейді. Біз сол күнгі (5 мамыр - авт.) жекпе-жекке дайындалып жатырмыз, ештеңені өзгертпекші емеспіз. Өйткені, жанкүйерлер оның жекпе-жегін көргісі келеді. Геннадий - кәсіпқой боксшы, алдағы бокс кешінде кез келген оппонентке қарсылас болып, бар мүмкіндігін көрсеткісі келеді», - дейді Санчес.

Головкин жекпе-жекті «Канелоға» қарсы реванш жоспарланған T-Mobile Arena-да емес, MGM Grand аренасында өткізеді. Оның қарсыласы жуық арада жарияланады.

Соңғы жаңалықтар