Головкиннің бапкері мәлімдеме жасады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Абель Санчес мексикалық боксшы Сауль Альвареске қатысты жазалау шаралары бойынша мәлімдеме жасады. Невада штатының атлетикалық комиссиясы (NSAC) оны алты айға бокстан шеттетті. Алайда айыппұл салған жоқ. Алты айда допинг тестіден өтуге де міндеттемеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Boxingscene.com. сайтына сілтеме жасап.

А.Санчес өз мәлімдемесінде комиссияның шешімін сынға алды. "NSAC регламенті бойынша дисквалификацияға ұшыраған бокшыны көп тексермейді. Сонда ол боксшы бұрынғы өмір салтын жалғастырып, қазіргі жүйені өз мүддесі үшін қолдана береді. Біз таза спортты қолдауымыз қажет қой. Ал ондай боксшылар қалыпқа келу уақытын біле тұра, тәртіпсіз дайындығын жалғастыра алады. NSAC дисквалификация кезінде допинг тесттерінен өтуге талап ете ала ма? Жоқ болса, белсенділік танытып, спортқа көмек көрсетудің қажеті қанша?", - дейді А.Санчес.

GGG-дің бапкері WBC-ді де сынға алды. Себебі Сауль Альварес атаған ұйымның "Таза бокс" атты допингке қарсы бағдарламасына әлі де кірген жоқ. Аталған бағдарлама аясында VADA боксшыларды ескертпей, сынама алып, допингтің бар-жоғын тексеріп отырады. Ал бағдараламаға кірмеген боксшылар WBC рейтингінен шығарылуы тиіс. Алайда ұйым басшысы Маурисио Сулейман олай істеген жоқ. Альварес "Таза боксқа" кірмесе де, WBC-дің рейтингісінде тұр.

"WBC қоғамның өзіне қатысты көзқарасын өзгерте алады. Ол үшін "Таза бокс" бағдарламасының барлық ережелерін бұлжытпай орындап, VADA-мен бірге ешбір ескертусіз тексерістерді жасау қажет. Одан кейін тесттердің нәтижесін ашық жариялаған жөн. Өзіңіздің сүйікті ұлдарыңызды (Сауль Альварес - авт.) да тыс қалдырмай, үнемі тексеріп отырсаңыздар, WBC-дің бұрынғы және қазіргі чемпиондарына жасаған үлкен құрметтеріңіз болар еді. Бұған дейін WBC допингке қарсы бағдарламаға қатыспаған талай боксшыларды рейтингтен шығарып тастады. Барлығына бірдей қарау қажет", - деп атап көрсетті А.Санчес.

Соңғы жаңалықтар