Головкиннің бапкері «Канелоның» қулығын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) бапкері Абель Санчес Yahoo! Sports интернет басылымына берген сұхбатында оның шәкірті бірінші айқаста неліктен мексикалық Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) кеуде тұсына шабуылдамағанын түсіндірді, деп жазады Sports.kz.

«Өте тұрақты қарсыластың кеуде тұсына берілген соққымен сұлату оңай емес. Қарсылас жүгіріп жүрсе - ол қиын нысана. Бірнеше раунд бойы Геннадий «Канелоның» кеудесіне соққы беруге әрекет жасады, бірақ төреші белге ұрмауын ескертіп отырды.

«Канело» кеуде соққыларынан жалтару үшін осылай қашқақтап жүрді. Бәлкім, реваншта Головкин кеудеден дұрысырақ соққы беретін шығар», - дейді Абель Санчес.

Айта кетейік, ESPN Stats and Info берген мәліметтерге қарағанда, бірінші жекпе-жекте Альварес Головкиннің кеуде тұсынан 44 рет соққан, ал Геннадий небары 8 соққысын қарсыласының кеудесіне дарыта алған.

Соңғы жаңалықтар