Головкиннің бапкері Альваресті осал боксшы деп санамайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес GGG-дің Сауль Альвареспен өтетін жекпе-жекті мерзімінен бұрын тоқтату ықтималдығы туралы өз пікірімен бөлісті, деп жазды Sports.kz.

«Менің ойымша, Головкин Альвареске бірнеше рет жақсы соққы беріп, әбден қалжыратып оны тоқтатады. GGG оны жұдырықтасу барысында құлатып салуы мүмкін, алайда «Канело» соңғы уақытта салмақ қосып, ауыр соққыға төтеп беретінін дәлелдеді», - деді Санчес On the Ropes Boxing Radio-ға берген сұхбатында.

Санчестің пікірінше, Альварес қарсыласының қатты соққыларына қарамастан 12 раунд бойы оған шыдас беруге дайын. «Алайда, күш пен үнемі «соққы беру» айқастың екінші жартысында жекпе-жектің мерзімінен бұрын тоқтауына себепкер болуы әбден мүмкін», - деп түйіндеді Головкиннің жаттықтырушысы.  

Соңғы жаңалықтар