Головкиннің бапкері Альварес нешінші раундта нокаутқа кететінін айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық Геннадий Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес боксшының мексикалық Сауль Альварес «Канеломен» ықтималды жекпе-жегіне қатысты пікірін білдірді.

Бұл туралы Boxingscene.com жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл шынымен де үлкен жекпе-жек болатынына үміттімін. Себебі Канело мықты спортшы. Ол WBC атағын Дүниежүзілік бокс кеңесі оны Головкинмен дәл қазір жұдырықтасуға міндеттегісі келгендіктен ғана босатты. Бірақ келесі жылы ол боксшы ретінде өсетініне және бұл жекпе-жек ол үшін тиімді болатынына сенімдімін. Дегенмен ол 12 раундтан әрі аспайды. Меніңше, 8-9 раун болады. Өйткені менің Головкинім мықты», - деп атап өтті Санчес. 

Головкин мен Канелоның промоутерлері Том Лёффлер мен Оскар де ла Хойдың арасында жекпе-жекті келесі жылдың қыркүйегінде өткізу туралы ауызша келісім бар. Бірақ Канелоның жарақатына байланысты ол 2018 жылға ысырылуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар