Головкинге Сондерспен бокстасқан дұрыс - Ермахан Ыбырайымов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов Головкин - Альварес реваншын өткізбеуге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Альвареске қарсы жекпе-жек болмаса, өкінудің қажеті жоқ. Басқа да боксшылар бар ғой. Меніңше, сол басқа бокшылармен келісіп, бокстаса беру керек. Мәселен, британдық Билли Джо Сондерспен кездесуге болады. Себебі оның еншісінде WBO белбеуі бар. Одан кейін Альварспен жұдырықтасу қажет», - деді Е.Ыбырайымов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Айта кетейік, Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) екінші айқастың өтпейтіндігін ресми түрде жариялады. 

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер болса, 5 мамырда британдық Билли Джо Сондерспен (26-0, 12 КО) жекпе-жекті ұйымдастыра алмайтынын жеткізді. Себебі аталған боксшы жарақат алып қалды. Сондерстің өзі де мамырға дейін дайын болмайтынын жариялады. Ол қыркүйек айында кездесуге ұсыныс жасап отыр. Дэнниел Джейкобс те бос емес.

Сарапшылардың айтуынша, Головкинмен үш үміткердің біреуі жұдырықтасуы әбден мүмкін. Олар - Гэри О Саливан ( 27-2, 19 КО), Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) және Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО).

Соңғы жаңалықтар