Головкин WorldBoxingNews рейтингінің бірінші орнында қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WorldBoxingNews.net сайты әлем боксшыларының салмақ санатынан тыс рейтингін (pound-for-pound) жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz.  сайтына сілтеме жасап.

Василий Ломаченко (10-1, 8 КО) - Гильермо Ригондо (17-1, 11 КО) айқасында украиналық боксшының жеңісі Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) бірінші орыннан ығыстыра алмады.

Сайттың жазуынша, Головкин P4P-рейтингінің биік шыңында қалды. «Василий Ломаченконың Гильермо Ригондоны жеңуінде салмақтағы айырмашылық назарға алынды. Сондықтан, оған жоғары көтерілуге бұл жеткіліксіз болды», - делінген сайтта.

World Boxing News рейтингінің ТОП-ондығы:
1. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО)
2. Василий Ломаченко (10-1, 8 КО)
3. Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО)
4. Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО)
5. Майки Гарсия (37-0, 30 КО)
6. Наоя Иноуэ (14-0, 12 KO)
7. Кит Турман (28-0, 22 КО)
8. Хорхе Линарес (43-3, 27 KO)
9. Хуан Франсиско Эстрада (36-2, 25 KO)
10. Висаксил Вангек (44-4-1, 40 КО).

Соңғы жаңалықтар