Головкин World Boxing News ұсынған WBC чемпиондар рейтингінде көш бастап тұр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - World Boxing News.net сайты Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) нұсқасы бойынша әлем чемпиондары рейтингін жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Рейтингте бірінші орынды орта салмақта WBC белдігінің иесі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) иелеп отыр. «Ешқандай күмәнсіз, Андре Уорд кеткеннен кейін ол әлемнің бірінші нөмірі. Қазір Головкин «Канело» Альвареске қарсы 2018 жылы өтетін тағы бір суперайқасқа дайындық үстінде», - деп жазады басылым.

Екінші орында бірінші жартылай орта салмақта WBC чемпионы америкалық былғары қолғап шебері Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО) тұр. Оның жерлесі, жеңіл салмақта өнер көрсететін Майки Гарсия (37-0, 30 КО) үшінші орынға орналасқан.

Ал World Boxing News жариялаған WBC чемпиондарының үздік ондығы төмендегіше:

1. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО)

2. Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО)

3. Майки Гарсия (37-0, 30 КО)

4. Кит Турман (28-0, 22 КО)

5. Висаксил Вангек (44-4-1, 40 КО)

6. Ваенхонг Менайотин (48-0, 17 КО)

7. Деонтей Уайлдер (38-0, 37 КО)

8. Мигель Берчельт (32-1, 28 КО)

9. Адонис Стивенсон (29-1, 14 КО)

10. Гэри Расселл (28-1, 17 КО).

Соңғы жаңалықтар