Головкин WBN-нің «Жыл боксшысы» марапатына ие болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA/WBC/IBF/IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин бұдан бұрын ие болған WorldBoxingNews.net беделді сайтының нұсқасы бойынша 2017 жылдың үздік боксшысы наградасын өз қолына алды, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкиннің марапаты 5 мамырға жоспарланған Сауль «Канело» Альвареспен реваншқа дайындалып жатқан Big Bear-дағы жаттығу базасына жеткізілген.

«Бүгін таңертең керемет тосын сый келді! Барлықтарыңызға қолдауларыңыз бен маған артқан сенімдеріңіз үшін рахмет», - деп жазды Геннадий әлеуметтік желідегі ресми аккаунтында.

Бұдан бұрын GGG бұл марапатқа 2013, 2014 және 2015 жылдары ие болған еді. 

Соңғы жаңалықтар