Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: -20 °С
Алматы: -8 °С
USD 335.33 EUR 395.49
RUB 5.70 CNY 50.75
Жаңалықтар

Головкин WBC-дің елшісі болады - Маурисио Сулейман

2017 жылғы 7 қазан 11:10 656
Поделиться:
Головкин WBC-дің елшісі болады - Маурисио Сулейман

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлем чемпионы Геннадий Головкин жер сілкінісінен зардап шеккен мексикалықтарға 50 мың доллар көлемінде көмек ақшаны аударды.

 Енді, сол жаққа өзі барып қайтуды жоспарлап отыр. Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) осы мүмкіндікті пайдаланып, GGG-ді өз шараларына қатыстырмақшы, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Головкиннің үлгі аларлық қасиеттері көп. Ол отбасына адал, жақын адамға ылғи шын жүректен көмектесуге тырысады. Сол үшін xалық оны жақсы көреді, сыйлайды. Басқа спортшылар проблемаға ұрынса, GGG жанжалдан алыс жүреді. Әлемге танымал болуы да содан шығар. Біз өз чемпионымызды мақтан тұтамыз. Головкин - Мексикадағы WBC елшісі", - дейді Бүкіләлемдік бокс кеңесінің президенті Маурисио Сулейман.

Айта кетейік, WBC белбеуінің иегері - Геннадий Головкин. Дәл осы белбеуді мексикалық Сауль Альварес қазақстандық боксшыға жекпе-жексіз берді. Сол кезде Бүкіләлемдік бокс кеңесі "Канелоны" Головкинге қарсы шығуға міндеттеп, келісімге келуге нақты мерзім белгілеген еді. Алайда Альварес бұрынғы промоутермен соттасып жатқанын сылтауратып, WBC белбеуінен өз еркімен бас тартты. Сол үшін мексикалық жанкүйерлердің қаһарына ұшырады. Барлығы бірдей оның Головкиннен қашып жүргенін бетіне басты. Сұрақ қойды, пост жазды. Тіпті, өз туына GGG-дің атын мақтап жазған мексикалықтар да шыға бастады.

Осыдан кейін Сауль Альварес Бүкіләлемдік бокс кеңесі мен өз жерлесі - Маурисио Сулейманға ренжіп, WBC атағы үшін мүлдем таласпайтынын мәлімдеді. Артынан Сулейман мырза қанша жалынса да, "Канело" алған бетінен қайтқан жоқ. Головкинге қарсы соңғы жекпе-жекте де WBC белбеуі үшін таласпады.

 

 


Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Арман Асқаров

Пікір қалдыру
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат