Головкин ұлымен бірге хоккейге барды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) АҚШ-қа оралды. Ол жақын күндері мексикалық Сауль Альвареске (49-1-2, 34 КО) қарсы реваншқа келісімін беруі мүмкін, деп жазады Sports.kz.

Лос-Анджелеске оралған GGG Ұлттық хоккей лигасының (ҰХЛ) матчына өзінің ұлы Вадиммен бірге барды. Вадим хоккей спортымен айналысады.

Бұған дейін Головкиннің жаттықтырушысы Абель Санчес Вадим туралы: «Геннадийдің ұлы өте жақсы хоккейші. Ол 8 жаста болса да, 10 жастағы спортшылар командасында өнер көрсетті. Ол GGG сияқты өте өжет спортшы»,- деген болатын.

Соңғы жаңалықтар