Головкин спорттық мансабын аяқтауы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат- Орта салмақ дәрежесінде әлем чемпионы Геннадий Головкин алдағы күзге жоспарланған Сауль Альвареспен болатын жекпе-жегі оның кәсіби бокстағы соңғы бәсекесі болуы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Мен осы жекпе-жектен кейін кәсіби спорттан кететін шығармын. Бәлкім, кетпеймін. Мен өз бабымдамын және өзімді 25 жастағыдай сезінемін. Алайда бұл футбол емес, бокс. Бокс ойын емес, жан беретін бәсеке. Бәсекенің қай-қайсы болмасын өзінше ауыр», - деді Г. Головкин. 

Соңғы жаңалықтар