Головкин Сондерсті өз орнына қойды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондонда Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-1, 34 КО) баспасөз мәслихаты өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-қа сілтеме жасап.

Боксшыларға сұрақ қойғандардың арасында WBO-ның орта салмақтағы чемпионы Билли Джо Сондерс (24-0, 12 КО) болды.

Сондерс «Канелоға»: «Жекпе-жек өткізбей Головкинге WBC белдігін неге бере салдың?», -деп ыңғайсыз сауал қойды. Аудармашы британдықтың сөздерін аудара бастағанда, ол сөзін қайта жалғастырып: «Мен саған өзім-ақ аударып бере аламын: сен қорқақсың!».

Геннадий Головкин британдықты дереу өз орнына қойды. «Сондерс, сен көп сөйлейсің! Сен промоутер емес, боксшысың!», - деді ол.

Еске салайық, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena»-да өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар