Головкин соққысының қаншалықты қуатты екендігін паш етті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) АҚШ-та ашық жаттығу өткізді. Онда жерлесіміздің америкалық Дэниэл Джейкобспен кездесуіне дайындығы көрсетілді, деп жазады Вести.кз.

Мәлім болғандай, спарринг-әріптес ретінде Головкин ауыр салмақтағы боксшыларды таңдайды екен. «Оның соққысы қатты. Бейне бір ауыр салмақтағы боксшы ұрғандай соққы жасай алады. Бұл әзіл емес», - дейді сондай көмекшілерінің бірі.

Головкин рингте бапкері Абел Санчеспен жаттығу жасап, соққысының қаншалықты қуатты екендігін паш етті.

Еске сала кетейік, Головкин-Джейкобс кездесуі 18 наурыз күні Нью-Йорктегі Madison Square Garden стадионында өтеді. Жекпе-жекті «Қазақстан» және KazSport арналары трансляциялайды.

Соңғы жаңалықтар