Головкин расында да солақай қарсыластардан қорқады ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Лас-Вегаста 5 мамыр күні өтетін жекпе-жекте қарсыласына қатысты қысқаша пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

K.O. Artist Sports тілшісі Головкинге «Солақайлардың қажет жоқ» деген сөзің рас па, деген сауалын қойды. Бұл сауалға Геннадий мен оның промоутері Том Леффлер және бапкері Абель Санчес күліп жіберді.

«Жоқ, әрине»,-деді GGG, ал Санчес болса оның кіммен болса да жұдырықтасуға дайын екенін айтты.

Осыған дейін кейбір БАҚ өкілдері Головкиннің қарсыластары туралы айта келе, оның расында да қысқа мерзім ішінде дайындалып, солақай боксшыға қарсы шығуға келіспейтіндігі туралы айтқан.

Соңғы жаңалықтар