Головкин P4P-рейтингінде үшінші орынға түсіп қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - BoxRec.com сайты боксшылардың салмақ санатынан тыс рейтингін (pound-for-pound) жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

Украиналық боксшы Василий Ломаченко (10-1, 8 КО) Гильермо Ригондоны (17-1, 11 КО) жеңгеннен кейін екінші орынға көтеріліп, қазақстандық Геннадий Головкинді (37-0-1, 33 КО) үшінші орынға сырғытты.

BoxRec сайтының P4P-рейтингін бұрынғыша мексикалық Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) бастап тұр.

Рейтингтің ТОП-ондығы:

1. Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) 
2. Василий Ломаченко (10-1, 8 КО) 
3. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) 
4. Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО) 
5. Висаксил Вангек (44-4-1, 40 КО) 
6. Энтони Джошуа (20-0, 20 КО) 
7. Мигель Берчельт (32-1, 28 КО) 
8. Кит Турман (28-0, 22 КО) 
9. Луис Нери (25-0, 19 КО) 
10. Джефф Хорн (17-0-1, 11 КО).

 

Соңғы жаңалықтар