Головкин өз жанкүйерлерін баспасөз мәслихатына шақырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA, WBC, IBF, IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин өз жанкүйерлерін Альвареспен жекпе-жегі алдында өтетін баспасөз мәслихатына шақырды, деп хабарлайды  «SPORTINFORM» САА.

«Мен сіздермен сейсенбі күні Лос-Анджелесте өтетін тікелей эфирдегі кездесуді асыға күтемін! Қолдауларыңызға рахмет!», - деп жазды Головкин Instagram-дағы ресми парақшасында.

Еске салайық, қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы екінші жекпе-жек 5 мамырда Лас-Вегастағы T-Mobile Arenа-да өтеді. Алғашқы ресми баспасөз мәслихаты Лос-Анджелесте (Астана уақытымен 28 ақпан күні таңертең) 27 ақпанға жоспарланған.

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар