Головкин мен «Канелоның» рематчы жөніндегі кездесулер басталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Boy Promotions бас директоры Оскар де ла Хойя промоутер Том Леффлермен қыркүйекте Альварес - Головкин рематчын өткізу туралы келіссөздерді бастағанын мәлімдеді, деп жазады Sports.kz.

Оның басты шарты мексикалық спортшының VADA-ның допингке қарсы бағдарламасына қосылуы болатын. Бүгін боксшы және оның өкілі Эрик Гомес осы шарттың орындалуын ресми түрде жариялады.

«Томмен келіссөздерді бастадық. Біз рематчтың болғанын қалаймыз, бұл дұрыс іс болар еді. Әрбір мықты боксшы жыл сайын VADA-ның тексеруінен өтіп отыруы тиіс. Өйткені ол спортты тазартудың жалғыз жолы», - деді Оскар де ла Хойя ESPN.com-ға берген сұхбатында.

Оның айтуынша, «Канело» мен GGG қазір бір-бірін ұнатпайтын болуы мүмкін.

«Егер жекпе-жек қыркүйекте өтсе, қызықтырақ болар еді. Енді олар бір-біріне ата жауындай қарап отыр. Егер ол қыркүйекте болса, сұмдық жекпе-жек болар еді. «Канело» міндетті түрде қыркүйекте рингке оралады. Енді шегінетін жол жоқ. Өйткені GGG айқасуды қалайды, «Канело» да үлкен жекпе-жек өткізгісі келіп отыр», - дейді Оскар.

Соңғы жаңалықтар