Головкин мен Джейкобс кездесу алдында соңғы рет салмақтарын өлшеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) мен америкалық Дэниэл Джейкобс (32-1, 29 КО) айқас алдындағы соңғы салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Головкиннің салмағы 159,6 (72,4 келі), ал Джейкобстікі - 159,8 (72,5 келі) фунтты құрайды.

Еске сала кетейік, айқасқа бір ай қалғанға дейін GGG - 165,1 фунт, Джейкобс 174,8 фунт болатын. Ал, жекпе-жекке бір жеті қалғанда Головкиннің салмағы 162 фунтты (73,5 келі), америкалықтың салмағы 167,8 фунтты (76,1 келі) құрады.

Жекпе-жек 18 наурыз күні Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өтеді. 

Соңғы жаңалықтар