Головкин мен Альварес реванш өтетін орын туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сауль Альварес пен Геннадий Головкин Лас-Вегаста өтетін кездесу-реваншқа қатысты пікір білдірді.

«Вегаста кездескенше, достар. Қолдауларыңызға рахмет!», - деп жазды Головкин Instagram парақшасында.

Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына берген сұхбатында ол екінші кездесуде жеңіске жетуді көздеп отырғанын мәлім етті.

«Бұл жолы төрешілердің шешіміне қатысты күмән болмайды. Бұл мен үшін және T-Mobile Arena үшін ерекше түн болады»,-деп келтіреді GGG -дің сөзін BoxingInsider.com.

Мексикалық боксшы Сауль Альварес өз кезегінде Геннадий Головкинге қарсы кездесу өткізу үшін T-Mobile Arena-ға төртінші рет бара жатқанына қуанатынын жеткізді.

«Бокс әлеміне есік ашқан бұл жер менің сүйікті аренама айналып үлгерді. Жекпе-жек осы жерде басталды, мен оны тап осы жерде аяқтаймын. Мен және менің жанкүйерлерім тағатсыздана күтіп отырған жағдай болады. Мен оны нокаутқа жіберем!» деп келтіреді «Канелоның» сөзін BoxingInsider.com.

Айта кетейік, бокс саңлақтарының алғашқы кездесуі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтті және ол теңдей аяқталған болатын. Алайда төрешілердің бұл шешімі дау тудырды. Головкин мен Альварес арасындағы реванштық келесі кездесу 5 мамырда тура сол аренада өтеді.

Соңғы жаңалықтар