Головкин мемлекеттік туға қолтаңба қалдырудан бас тартты

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) жанкүйерінің мемлекеттік туға қолтаңба қалдыру өтінішінен бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Kaztwitter Instagram парақшасында жарияланған видеода, Лос-Анджелесте өткен баспасөз мәслихаты кезінде сахнаға беттеп бара жатқан GGG-ға жанкүйері қолтаңба қалдыруын өтінгенін көруге болады.

Қазақстандық боксшы қолтаңба қалдырудан бас тартып «Қыздар, туға болмайды, болмайды»,-деп түсіндірді. Алайда, жанкүйер онымен тоқтап қалмай «Гена, өтінемін» ,-деп айқайлады.

Боксшы ары қарай қазақстандық жанкүйерлерінің сәлемін алып, қол алысып амандасты.

Айта кетейік, Головкин мен Канело реваншы 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.

Гена, пожалуйста 😂 _ Голосуйте на нашем телеграм-канале. Ссылка в био.

Публикация от KAZTWITTER (@kaztwitter) Фев 28, 2018 в 10:41 PST

Соңғы жаңалықтар