Головкин Лондон мен АҚШ-тағы пресс-турдың видеосын жариялады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин алдағы жекпе-жекке арналған пресс-турдың бейнебаянын жариялады. Бір аптаның ішінде GGG өзінің келесі қарсыласы - Сауль Альвареспен бірге Лондон, Нью-Йорк және Лос-Анжелесті аралап, баспасөз-мәслиxаттарын өткізді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Пресс-тур барысында екі боксшы бірнеше бағдарламаға да қатысып, сұxбат берген болатын. "Екі жыл бұрын осы жекпе-жек бола ма, жоқ па, ешкім білмеді. "Канело" да жастау болды. Бірақ мен іштей сендім, осы жекпе-жектің екеуімізге керек екенін сездім. Сауль өз елінің ұлттық батырына айналды. Мені де өз жерімде қатты сыйлайды. Білмеймін, Супермен ба, Темір адам сияқты ма, xалықтың қошеметі күшті. Бұл тамаша жекпе-жек болады. Біз үшін, xалық үшін", - дейді Геннадий Головкин.



Айта кетейік, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастың "T-Mobile Arena" спорт кешенінде өтеді. Уақыт айырмашылығына байланысты аталған жекпе-жек Қазақстанда 17 қыркүйек күні таңғы сағат 9:00-де тікелей эфирден көрсетіледі. Бұған дейін Геннадий Головкин әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында мексикалық жанкүйерлеріне арналған видеоны жариялаған болатын. Ол жақта да GGG-дің фанаттары баршылық.

Соңғы жаңалықтар