Головкин Қарағанды облысының құрметті азаматы атанады

None
None
КАРАҒАНДЫ. «ҚазАқпарат» - 15 қаңтар күні туған жеріне келетін әйгілі боксшы Генадий Голвкинге «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы беріледі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Нұркен Әбдіров атындағы спорт кешенінде құрметті азамат куәлігін және осы атақты растайтын медаль берілетіні туралы айтылды.

Депутаттар Головкиннің кандидатурасын облыстық мәслихаттың XIII сессиясында бірауыздан мақұлдаған.

Геннадий Головкин  орташа салмақта өнер көрсетіп жүрген Қазақстандағы кәсіпқой боксшы. 2003 жылы әуесқойлар арасында әлем чемпионы атанды. 38 жекпе-жек өткізілді, оның 37-і жеңіске жетті, 1-жекпе-жегі тең ұпаймен аяқталды. Ол WBC әлем чемпионы (орта салмақ), WBA Super World Champion (орташа салмақ), IBF World Champion (орта салмақ), IBO World Champion (орташа салмақ) иеленген.

 

Соңғы жаңалықтар