Головкин «Канелоны» Зорромен салыстырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) The Press-Enterprise газетіне берген сұхбатында өзінің келесі қарсыласы - мексикалық Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Sports.kz.

«Менде енді нағыз айқас бар. «Канело» - ерекше жігіт. Ол - ұлттық қаһарман. Ол Зорро сияқты», - деді GGG.

Зорро (Zorro) - Робин Гуд сынды ойдан шығарылған кейіпкер. «Маскадағы каһарман» Жаңа Испанияның мұқтаж тұрғындарына әрдайым көмекке келеді. Оның сүйікті қаруы -  рапира, онымен өзінің белгісі - Z әрпін сызып қалдырады.

Айта кетейік, Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегастың "T-Mobile Arena" спорт кешенінде өтеді. Уақыт айырмашылығына байланысты аталған жекпе-жек Қазақстанда 17 қыркүйек күні таңғы сағат 9:00-де тікелей эфирден көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар