Головкин IBF тарту еткен сыйлығын көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақта WBA (Super), WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) Халықаралық бокс федерациясының Сент-Питерсбергте өткен (АҚШ, Флорида штаты) 34-ші жылсайынғы конвенциясына қатысты, деп жазады Спорт.кз.

Айтулы шарада Головкин 2016 жылғы тамаша жетістігі үшін IBF-тен награда алды. Боксшы өз сыйлығын Твиттерде жариялады.

«Мен үшін Халықаралық бокс федерациясынан (IBF) Джерси Джо Уолкот атындағы сыйлықты алу үлкен мәртебе. Барлықтарыңызға қолдауларыңыз үшін рахмет!» - деп жазды Головкин әлеуметтік желіде.

Айта кетейік, 2016 жылы Геннадий екі кездесу өткізіп, америкалық Доминик Уэйдті (18-1, 12 КО) және британдық Келл Брукты (36-2, 25 КО) нокаутқа жіберді. 

Соңғы жаңалықтар