Головкин демалыс алды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин алдағы жылдың басында рингке оралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

UCN Live телеарнасына берген сұхбатында Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес боксшының алдағы мерекелерді жанұясымен бірге болу үшін, жылдың соңына дейін демалыс алғандығын айтты. Жаттығу жұмыстарына әлем чемпионы 2017 жылдың басында кіріспек.

Айта кету керек, Головкин рингке наурыз айында оралуды жоспарлауда. Алдын ала мәліметтер бойынша, оның қарсыласы америкалық Дэниэл Джейкобс болады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар