Головкин атағынан айырылып қалуы мүмкін

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingscene.com ақпараты бойынша, 5 мамырдағы жекпе-жекке қарсылас іздеу Геннадий Головкин мен оның командасын қиын жағдайға алып келді, деп хабарлайды Sports.kz.

Белгілі болғандай, украиндық Сергей Деревянченконың өкілдері IBF-ке осы ұйымның титулын міндетті қорғау үшін өз боксшысының GGG-мен айқасуын сұраған. Украиндық боксшы осы белбеудің міндетті үміткері саналады.

Геннадий соңғы рет осы титулды 2016 жылы Доминик Уэйдпен жекпе-жекте қорғаған еді. Сондай-ақ, Головкиннің потенциалды қарсыластары ретінде америкалық Ванес Мартиросян мен бразилиялық Ямагучи Фалькао қарастырылып жатыр.

Егер IBF Деревянченко командасының өтінішін қанағаттандырып, бірақ Головкинмен басқа біреу айқасатын болса, бұл ұйым оны өз тұжырымы бойынша оны әлем чемпионы титулынан айыруы мүмкін.

Сондай-ақ, Головкин белбеуді жоғалтпай, Деревянченкомен кездесуге келіссе, рингке 5 мамырда емес, басқа күні шығуға мәжбүр болады.

IBF әзірге бұл мәселе бойынша шешім қабылдаған жоқ. 

Соңғы жаңалықтар