Головкин анасының туған күнін Қарағандыда атап өтпекші

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), WBC, IBF мен IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин туған жеріне келуді жоспарлап отыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Боксшының промоутері Том Леффлердің айтуынша, жұмыс кестесінің тығыздығына байланысты GGG-дің келесі жекпе-жегі желтоқсанда өтпей қалуы әбден мүмкін.

«Алдағы демалыс күндері Геннадий Қарағандыға баруды жоспарлап отыр. Сол жақта анасының туған күнін атап өтпекші. Содан кейін Еуропаға, одан кейін Бакуда өтетін WBC Конвенциясына ұшып барады. Аталған шара 1-6 қазан аралығында өтеді. Головкин АҚШ-қа қазанның ортасында қайтып баруы керек. Арғы жағында желтоқсан да алыс емес. Сондықтан ол уақытқа нақты ұсыныстар болса да, желтоқсанға дейін үлгермейтін шығармыз. «Канело» реваншқа келіссе, мамырға дейін күте тұрамыз. Болмаса, келесі жылдың басында бір жекпе-жекті ұйымдастырамыз», - деді Лефллер UCNLive.com-ға берген сұxбатында.

Айта кетейік, өткен демалыс күндері АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде Геннадий Головкин мексикалық -Сауль «Канело» Альвареспентең түсті.

Дәл осы шешіммен жанкүйелер де, сарапшылар да келіспей отыр. Әсіресе, Альвареске 118-110 есебімен жеңіс беріп қойған Аделаида Бердтың есебіне наразылық қатты.

Соңғы жаңалықтар