Головкин алғаш рет WBN нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британияның WorldBoxingNews.net басылымы 2017 жылдың қорытынды аталымдарының жеңімпаздарын жариялады, деп жазады Sports.kz.

Редакция нұсқасы бойынша жылдың үздік боксшысы атағына қазақстандық Геннадий Головкин лайықты деп танылды. Ол осы аталымда украиналық Василий Ломаченко мен америкалық Теренс Кроуфордты артқа тастады. «Головкин үшін биыл жұлдызды жыл болды. Боксшы орта салмақтағы чемпиондық белдіктерін дивизионның екінші және үшінші нөмірлеріне қарсы сәтті қорғады. Головкин, Ломаченко және Кроуфордтардың арасынан үздігін таңдап алу қиын болды. Бірақ Қазақстан өкілі карьерасында алғаш рет «Редакция таңдауына» лайық деп санаймыз», - делінген мақалада.

Бұрын GGG оқырмандар пікірінше қатарынан төртінші жыл үздік боксшы болған еді.

Соңғы жаңалықтар