Головкин Альвареспен болатын кездесуіне билеттердің сатыла бастағандығын айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) жанкүйерлеріне оның Сауль Альвареспен (49-1-1, 34 КО) болатын кездесуіне билеттерді сатып алу үшін асығуға шақырды, деп хабарлайды Sports.kz.

Билеттердің сатылуының алдында Головкин AXS.com сайты арқылы «GGG» кодын пайдалануды ұсынып отыр.

Осыған дейін ESPN.com сайты ресми жарияланғанға дейін билеттердің бағысы туралы хабарлады. Осылайша, ең арзан билеттің құны 300 доллар (96 мың теңге), ең қымбаты 5 мың долларды (1 млн 610 мың теңге) құрап отыр.

Головкин-Альварес кездесуі 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы «T-Mobile Arena» алаңында өтеді.

Соңғы жаңалықтар