Головкин - Альварес жекпе-жегіне арналған тағы бір проморолик жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - YouTube желісінде Головкин - Альварес жекпе-жегіне арналған кезекті проморолик жарияланды. Аталған жекпе-жек 16 қыркүйекте өтеді. Алайда оның өтетін жері әлі анықталған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін YouTube-тағы GOAT Boxing арнасы Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің нокаутттарын салыстырып, арнайы бейнероликті жариялаған болатын.

Осыдан кейін «Total war», яғни «Қырғын соғыс» деп аталатын проморолик шыққан.

Сондай-ақ, Головкин мен Альваресті мультипликациялық фильмнің кейіпкерлері ретінде көрсетті .

Gizza Sport пен HBO Sports та өз промороликтерін жариялады.

Жақында ғаламторда тараған бес минуттықпроморолик те өте қызықты болып шықты.  

Соңғы жаңалықтар