Головкин-Альварес жекпе-жегіне арналған кезекті бейнебаян жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - GTV Boxing арнасы Геннадий Гловкин мен Сауль Альварестің алдағы жекпе-жегіне арналған бейнебаянды жариялады. Аталған жекпе-жек 16 қыркүйекте өтеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кетейік, бұған дейін YouTube-тағы GOAT Boxing арнасы  Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің нокауттарын салыстырып, арнайы бейнероликті жариялаған болатын.  Осыдан кейін «Total war», яғни «Қырғын соғыс » деп аталатын проморолик шыққан.  Сондай-ақ, Головкин мен Альваресті мультипликациялық фильмнің кейіпкерлері ретінде көрсеткен. Gizza Sport пен HBO Sports та өз промороликтерін жариялады. Жақында ғаламторда тараған бес минуттық проморолик те өте қызықты болып шықты.
Ал GTV Boxing арнасының жаңа бейнебаянында танымал боксшылардың алдағы жекпе-жекке қатысты пікірлері топтастырылған. Бұдан бөлек, Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің сұxбаттары бар.

 

Соңғы жаңалықтар