Головкин - Альварес жекпе-жегі қалай аяқталады - Ермахан Ыбырайымовтың болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов 5 мамырда өтетін Головкин-Альварес жекпе-жегіне өз болжамын жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Енді, Альварестің бізге қандай сыйлық дайындап жатқанын бір құдай біледі. Дегенмен, мексикалық боксшы жылдам, аяқпен жақсы жұмыс істейді. Олимпиадалық бокста, көбінесе, ары-бері қозғалып, секіріп жүреді ғой. Сол сияқты Альварес осы жолы да жылдам қимылдап, Головкиннің соққыларын дарытпауға тырысады, тағы екінші нөмірмен бокстасады», - деді Е.Ыбырайымов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Оның ойынша, алдағы жекпе-жекте боксшылардың біреуі міндетті түрде жеңіске жетеді. «Бұл жолы тең есеп болмайды. Геннадий бапкерлер берген ақыл-кеңестерді сәтті орындаса, жеңіп шығады», - деп атап көрсетті Е.Ыбырайымов.

Айта кетейік, жақында Сочиде өткен Халықаралық бокс форумы кезінде Олимпиада чемпионы Ермахан Ыбырайымов өз шәкірті Геннадий Головкинмен кездесіп, Альвареске қарсы алдағы жекпе-жекке қатысты өз ақыл-кеңесін айтты.

Соңғы жаңалықтар