Головкин - Альварес жекпе-жегі басталатын уақыт анықталды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя Геннадий Головкин - Сауль Альварес жекпе-жегінің басталу уақытын атады, деп хабарлайды Sports.kz

«Негізгі шара Шығыс жағалауы уақытымен кешкі сағат 11-ден кешікпей басталады. Сондықтан журналистер мен жанкүйерлер 12 немесе түннің ортасына дейін күтіп отырмайды. Бұл айқасты сағат 11-де  көре аласыздар», - деді Де Ла Хойя Нью-Йоркте өткен баспасөз конференциясында.

Осылайша, қазақстандық көрермендер үшін жекпе-жек 17 қыркүйек, жексенбі күні таңғы сағат 9-дан кешікпей басталады. 

Соңғы жаңалықтар