Головкин Альварес туралы: Ол шынайы жүзін көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Канелоның» допинг сынамасынан тыйым салынған заттың табылуы адамдар арасында түрлі пікірлер туғызды. Бұған қатысты қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) LA Times-қа берген сұхбатында өзінің көзқарасын білдірді, деп жазады «SPORTINFORM» САА.

«Мұндай жағдай оның жекпе-жекке шыққысы келмейтіндігін немесе  онда командасымен қандай да бір проблема барын білдіреді. Бұл сенің шынайы жүзіңді көрсетеді. Осындай деңгейдегі спортшы қателік жібермеуі керек, әйтпесе ол жалпы спорт үшін кері құбылыс болады»,-  деді Геннадий Головкин.

Қазақстандық боксшы Атлетикалық комиссия бұл іске араласып немесе оны спорттан шеттетуі керек деп есептейді.

«Бәрі қарапайым болуы керек. Допинг сынамасы оң немесе теріс көрсеткіш болуы тиіс. Қалғандарының мәні жоқ. Сол үшін де арнайы комиссия жұмыс істейді және оның тиісті тәртібі бар. Егер сіз бәрі дұрыс, бұл қалыпты десеңіз, бұл спорт үшін қауіпті», - деді боксшы.

Еске сала кетейік, Головкин мен Альварестің 5 мамырда екінші жекпе-жегі өтеді.

Соңғы жаңалықтар