Головкин-Альварес рематчы өтпейтіндігі ресми жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мексикалық боксшы Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) мүддесін қорғайтын Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясы қазақстандық Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) екінші айқастың өтпейтіндігін ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

«Шұғыл: рематч «Канело» - GGG  өтпейтін болды. Бұл туралы Golden Boy жариялады»,- деп жазды Твиттерде журналист The Ring Хильберто Мансано.

Еске сала кетсек, айқас 5 мамырда Лас-Вегаста T-Mobile аренасында өтуі тиіс болатын.

Енді Головкиннің командасы  баламалы жекпе-жек өткізуге күш салады. Шамасы, ол өзге - MGM Grand Garden аренасында басқа қарсыластарымен кездеседі.

Бүгінгі таңда Хильберто Рамирес (37-0, 25 КО) және Хулио Сесар кіші Чавес (50-3-1, 32 КО), Гэри О'Салливан (27-2, 19 КО), Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) және Сергей Деревянченконың (12-0, 10 КО) кандидатуралары қарастырылып жатыр.

Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегі 2017 жылдың қыркүйегінде өткенде болатын. Ол төрешілердің шешімімен тең аяқталды. Осыдан кейін боксшылардың қарымта жекпе-жегін өткізу мәселесі қаралып, келіссөздерден кейін, реванш ағымдағы жылдың 5 мамырына белгіленген еді. 
Ал наурыз айының басында Сауль Альварестен алынған допинг-сынамалардың бірінен тыйым салынған препарат табылды. Оның мүддесін қорғайтын Golden Boy промоутерлік компаниясы боксшының қан құрамынан Кленбутерол табылғаны туралы ақпаратты растады. 

Соңғы жаңалықтар