Головкин 5 мамырда рингке шықпаса не болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Boxingnews24.com тілшісі Джим Дауэр қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) болашағы мен 5 мамырда болуы мүмкін жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді, деп жазады Sports.kz.

«Леффлердің Деревянченко мен Ди Беллоймен келісімге келу мүмкіндігі өте төмен, сондықтан да ол IBF  белбеуін бермейінше 5 мамырда жекпе-жекке шыға алмайды. Егер ол титулдан бас тартса, онда ол осы жекпе-жекке келісім берген Мартиросяноммен шаршы алаңда кездесе алады. Сондықтан да белбеулер санын толықтыруды армандайтын боксшылар үшін бұл уақытты зая кетіру болмақ. Егер Головкин қыркүйек айына дейін рингке шықпайтын болса, онда ол бәрін дұрыс істесе де спорттан уақытша шеттетілген «Канелоның» карьерасы сияқты құрдымға кетеді. Бұл жағдайда Головкин көп зардап шегіп отыр.  Головкин өзінің белбеуін жеңіп алу үшін тынбай еңбек етті, алайда ерте ме, кеш пе чемпиондар оны  қорғауы тиіс», - деп жазады автор.

Соңғы жаңалықтар