Голливуд жұлдызы Қазақстан азаматтығын алмақ

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өскеменге бір топ Голливуд жұздызы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кэри Тагава, Майкл Мэдсен, Бай Лин, Марк Дакаскас және Эрик Робертс ШҚО әкімінің шақыруымен Өскемнге келді. Олар продюсер Арман Асеновтың басшылығымен Шығыс Қазақстан туралы фильм түсірмекші. Әзірге фильмнің қай жанрда болатыны белгісіз. Бір анығы, ол туынды өңірді әлемге таныту үшін түсірілмек. Кэри Тагава бұл жобада бас продюсер қызметін атқарады. Даниал Ахметовтың қабылдауында аталмыш актер Шығыстың табиғатына тәнті болғанын айтты.

«Мен - жапондықпын, біздің қазақтармен байланысымыз көп. Сіздердің жандарыңызда болғым келеді, сондықтан Қазақстанның азаматы болу жоспарымда бар», - деді ол.

Голливуд жұлдыздары бұл жолғы сапарында еліміздің бірнеше ауданын аралап, өңірдің тыныс тіршілігімен және киелі орындармен танысады. 

null 

Соңғы жаңалықтар