Голливуд жұлдыздары қызыл кілемге қарамай, қазақ жанкүйерлерімен арнайы амандасты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы "Қазақстан" концерт залында XIII Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі ашылды. Дәстүр бойынша барлық қатысушылар қызыл кілеммен жүріп өтті. 

Алайда Голливуд жұлдыздары осы дәстүрді бұзып, қазақстандық жанкүйерлермен арнайы қол беріп амандасты, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазақстан" концерт залы алдында қызыл кілем төселді. Ал фестиваль қатысушыларын қарсы алуға келген xалықты қызыл кілемнен алыс ұстады. Бірақ Голливуд жұлдыздары сценариийге қарамай, xалыққа жақын жермен жүріп өткенді жөн көрді. Николас Кейдж әрбір адамға қолын беріп, амандасып өтті.


Эдриан Броуди кеш келсе де, жиналған жұртқа өз ілтипатын білдіріп, кейбір жанкүйерлермен фотоға да түсті.


Ал залда Димаш Құдайбергенді жұлдыздардың өздері зор қошеметпен қарсы алып, фотоға түсуге асықты. Бұдан бөлек, кинофестивальдің қызыл кілемімен Үндістан, Ресей, Қытай мен Еуропаның танымал актерлері, режиссерлері мен киносыншылары жүріп өтті.

Айта кетейік, "Еуразия" кинофестивалі 28 шілдеге дейін жалғасады. Фестиваль кезінде соңғы бір жылдың ішінде экранға шыққан фильмдер көрсетіледі. Соның ішінде қысқа және толық метражды картиналар, авторлық және жанрлық кино бар. Бұдан бөлек, "Бес құрлық" атты балалар фильмдерінің конкурсы ұйымдастырылады. Ал Орталық Азия мен түркі тілдес елдер кинематография саласындағы "Тұлпар" ұлттық сыйлығы үшін таласып көрмек.

XIII Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі аясында алғаш рет Eurasia Film Market ұйымдастырылады. Оған фильмдер нарығында жүрген сатушылар мен сатып алушылар қатысады. Олардың ішінде Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея, Америка, ТМД мен Еуропа елдерінің өкілдері бар.


Соңғы жаңалықтар