Голливуд актрисасы 106 жасқа қараған шағында өмірден озды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голливудта жұмыс істейтін ең кәрі америкалық актриса Конни Сойер 106 жасқа қараған шағында қайтыс болды, деп хабарлайды ТАСС.

TMZ порталының жазуынша, Сойер Лос-Анджелестегі өз үйінде көз жұмған.

Актриса 1912 жылы Румыниядан шыққан еврей мигрантының отбасында дүниеге келген. Сойер Фрэнк Синатра және Эдвард  Г. Робинсонмен бірге Фрэнк Капрдың  "Дыра в голове" (A Hole in the Head, 1959) комедиялық фильміне түскен.

 Актриса 2012 жылы 99 жасқа толған шағында  америкалық Кинемотографиялық өнер және ғылым академиясының ең кәрі мүшелерінің бірі атанды.

Сойердің кинодағы соңғы жұмысы телевизиялық "Рэй Донован" ( Ray Donovan, 2013) драмасындағы мисс Салливанның рөлі болды.

Соңғы жаңалықтар