Голливуд актері Джон Малкович Астанадағы онкологиялық ауруға шалдыққан балалармен кездесті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Голливуд актері, «Оскар» сыйлығының екі дүркін номинанты Джон Малкович Астана қаласындағы «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында» болып, онкологиялық ауруға шалдыққан балалармен кездесіп қайтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

null null
АҚШ-тан келген құрметті мейманды емдеу орталығының басшылығы құшақ жая қарсы алып, «Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының» жұмысымен таныстырды. Бірегей мекемеде балаларды оңалту мен диагностикалық орталық, нейрохирургия мен жедел медициналық жәрдем, кардиохирургия орталықтары біріктірілген. Мұнда заманауи ең озық медициналық технологиялардың көмегімен ана мен балаға, науқастарға медициналық көмек көрсетіледі.
null 

Голливуд актерін онкологиялық ауруларға шалдыққан балалар мен олардың ата-аналары қошеметпен қарсы алды. Атап өтерлігі, Джон Малкович өмірдің қиындықтарына жастай тап болған балаларды көруге өз еркімен келген. Кездесу барысында актер сұрақтарға жауап беріп, келгендегі мақсатын айтып берді.

«Өнер адамы болғандықтан, тағдырдың сынына тап болған адамдармен жиі кездесуді қолай көремін. Мен де бірнеше операциядан аман өткен адаммын. Баласы үшін арпалысқан сіздерге және сіздердің балаларыңызға зор денсаулық тілегім келеді», - деді Джон Малкович.

Актер сондай-ақ, кинотуындылардағы өзіне ең ұнамды рөлдері туралы да сөз қозғады. Оның айтуынша, «Мадагаскардың пингвиндары» атты 2014 жылы көрерменге жол тартқан комедиялық мультфильмдегі Сегізаяқтың рөлі өзіне ерекше ұнайтын көрінеді.
null 

Актердің балалары турасында да сұрақтар қойылды. Актер өзінің 25 жастағы қызы мен 26 жастағы ұлының актерлік жолды таңдамағанын атап өтті.

«Денсаулықтары нашар балаларды көру өте ауыр. Мен оларға зор денсаулық тілегім келеді.Мұнда қаншама ата-аналар отыр. Балаларыңыз бақытты әрі сау болып кетеріне сенімдімін», - деді әйгілі актер.

Кездесу соңында Джон Малкович тілек білдіргендердің бәрімен фотосуретке түсіп, автограф таратты.
null null  

Еске сала кетсек, Голливуд актерының бұл келуі - Қазақстанға өміріндегі екінші сапары. 2010 жылы ол Алматы қаласындаболып қайтқан. Осы жолы ХІІІ «Еуразия» халықаралық кинофестиваліне арнайы келіпотыр.

 

Соңғы жаңалықтар